ШЫМКЕНТ: қалада газ қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

0
94

Газ және газбен жабдықтау қауіпсіздігі бойынша заң талаптарын бұзу фактілері бойынша 2024 жылы 88 адам жауапкершілікке тартылып, жалпы айыппұл сомасы 1 212 822 теңгені құраған.


ШЫМКЕНТ: қалада газ қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы газ техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері және басқа да ұйымдардың қатысуымен қала тұрғындарына газбен байланысты қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.


Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы - Керімжанов Мерлан Әбдірахманұлы баяндады.

Мерлан Әбдірахманұлының айтуынша, жыл басынан бері үгіт-насихат жұмыстары аясында 42 көшпелі жиын, 54 мақала мен брифинг, 19 дөңгелек үстел және 53 500 дана жадынама таратылды. Бұл ақпарат БАҚ және әлеуметтік желілерде тұрақты жариялануда.
Үй ішілік газ құрылғыларына қызмет көрсету мекемелерімен (ВДГО) 109 I-көмек ситуациялық орталығы арқылы интеграция жүргізілді. Тұрғындар осы орталыққа хабарласып, ВДГО қызметтері мен сыни ескертпелер туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар, «КазТрансГазАймақ» АҚ арнайы видео роликтер таратуда, ал газ бақылаушылар қауіпсіздік туралы жадынамаларды үй-үйге таратуда.
Газ және газбен жабдықтау қауіпсіздігі бойынша заң талаптарын бұзу фактілері бойынша 2024 жылы 88 адам жауапкершілікке тартылып, жалпы айыппұл сомасы 1 212 822 теңгені құрады.

Сондай-ақ басқарма басшысы Шымкент қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы құрылыс саласындағы заң бұзушылықтарды қатаң бақылауда ұстап отырғандығын да айтқан болатын.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында лифтілердің қауіпсіздігі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылып жатқандығы туралы да кеңінен баяндап, ақпарат берді.

Бөлісу