Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына жаңа басшы тағайындалды

0
1 211

Бұл қызметке Абдуллаев Сұңғат Нұржанұлы тағайындалды.


Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына жаңа басшы тағайындалды

Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының м.у.а Е.Бекмұратовтың бұйрығымен 2021 жылдың 6 мамырынан бастап, «Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»КММ-нің директоры болып Абдуллаев Сұңғат Нұржанұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абдуллаев Сұңғат Нұржанұлы 1988 жылы 26 қыркүйек күні Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2006-2010 ж.ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қаржы» (бакалавриат), 2014-2015 ж.ж. «Мирас» университеті «Қаржы» (магистратура) мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2007-2012 жылдары аралығында «НК Групп», «Орта несие», «Арнур кредит» , «Оңтүстік-финанс» ЖШС МКҰ-да несие бөлімінің басшысынан бастап, несиелеу департаментінің директоры,
2012-2013 ж.ж. «Ынтымақ-құрылыс» ЖШС-нің бас директоры;
2013-2015 ж.ж. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ҰК Инвестициялық жобаларды іске асыру департаментінің бас менеджері;
2015-2017 ж.ж. «Көлік-логистикалық аймақ» басқарушы компаниясы» АҚ бас директоры;
2018 ж. «Оңтүстік» индустриалды аймақтарды басқару компаниясы» ЖШС бас директорының орынбасары;
2019ж. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақты басқарушы компаниясы» ЖШС басқарма төрағасы;
2019-2020 ж.ж «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
2020-2021 ж. "SAMRUK-2020" ЖШС бас директоры қызметтерін атқарды.