Сапалы жұмыс пен жоғары нәтиже көрсеткен үздіктерді анықтау республика бойынша 772 мекеме арасында өтті.
ERNUR.KZ. Шымкент қалалық перинаталды орталығы, бүкіл Қазақстан бойынша жүргізілген рейтінгте ең үздік 4 мекеменің қатарына енді. Яғни, орталық Республикада төртінші орында. Әрине бұл, ұжымның тынымсыз еңбегі мен тұрақты ізденісінің жарқын нәтижесі!
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі медициналық ұйымдардың рейтингін жариялады. Сапалы жұмыс пен жоғары нәтиже көрсеткен үздіктерді анықтау республика бойынша 772 мекеме арасында өтті. Олардың қатарында мемлекеттік және жеке клиникалар да бар.
Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы құрылған Шымкент қалалық Перинаталдық орталықта бүгінге дейін 110 000-нан астам әйел босанған, 117 000-нан астам жаңа туған нәресте дүниеге келген, 27 000-ға жуық ота жасалған. Мәселен биылдың өзінде, яғни 2025 жылдың екі айында мұнда бір жарым мыңға жуық ана босанған. Мекемеде бүгінгі таңда 500 ден астам қызметкер еңбек етеді.
Ал ұжымдағы әр қызметкердің басты мақсаты - орталыққа келген әрбір ана мен сәбиге ең жоғарғы деңгейдегі сапалы қызмет көрсету. Себебі біз үшін, ана мен баланың саулығы басты орында!