Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 34-сессиясында Әл-Фараби ауданының әкімі лауазымына Ғабит Мәуленқұлов, Қаратау ауданының әкімі лауазымына Исамидин Мұхитдинұлы Қантөреев тағайындалды.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 34-сессиясында Әл-Фараби және Қаратау аудандарының әкімдері тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 34-сессиясында Әл-Фараби ауданының әкімі лауазымына Ғабит Мәуленқұлов, Қаратау ауданының әкімі лауазымына Исамидин Мұхитдинұлы Қантөреев тағайындалды.
Ғабит Патшаханұлы 1977 жылы 22 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Халықаралық құқық және нарық академиясы мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Алғашқы еңбек жолын 2000 жылы Каспий экологиялық прокуратурасының маманы, Каспий экологиялық прокуратурасы прокурор көмекшісінің міндетін атқарушысы болып бастаған.
2001 жылы Атырау табиғатты қорғау прокуратурасы прокурор көмекшісінің міндетін атқарушысы, 2002 жылы Астана қаласындағы «Астана Интернационал» ЖШС заңгері, 2003 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппараты азаматтарды қабылдау және шағымдар бөлімі экспедициясының, кадрлық жұмыс басқармасының референті, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппараты кадрлық жұмыс басқармасы соттардың іс-әрекетіне шағымдану жұмысы бойынша инспекциясының, соттардың іс-әрекетіне шағымдарды қарау бөлімінің консультанты болған.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппараты шағымдарды қарау және кадрлық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары, азаматтық және әкімшілік жұмыстары бойынша хатшылық алқасының, құжаттандыру және бақылау бөлімінің меңгерушісі болып істеген.
2016 жылдың тамыз айынан бастап бүгінге дейін Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі лауазымын атқарды.
2018 жылдың науры айында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.
Исамидин Мұхитдинұлы Қантөреев 1984 жылы 5 сәуірде туылған. Білімі жоғары. Мамандығы бойынша біліктілігі–заңгер, экономист.
Еңбек жолын 2005 жылы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің «Өндірістік-пайдалану кәсіпорындар» ЖШС-де экономист қызметінен бастаған.
2007-2008 жылдары қазіргі «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бойынша Ұлттық орталық» аталып келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және тестілеу орталығында «Е» санатты кадрлар бойынша оператор қызметін атқарған. 2009 жылы сәуір-тамыз айларынан бастап ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі Агеттігі Ақпараттық мониторинг пен бағалауды қамтамасыз ету Департаментінің Қызылорда облысы бойынша сарапшысы лауызымында еңбек еткен.
ҚР Мемлекеттік істер жөніндегі Агенттігі Ақпараттық мониторинг пен бағалауды қамтамасыз ету Департаментінің аумақтық басқармасының сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттікбақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде қызмет атқарған.
2016 жылдың сәуір айынан бүгінге дейін Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.