Шымкент қаласында дүкенді тонап кеткен қарақшы қолға түсті

0
2 136

Дүкенді тонау кезіндегі видео әлеуметтік желілердің бірінде жарияланған болатын.


Шымкент қаласында дүкенді тонап кеткен қарақшы қолға түсті

Шымкент қаласының дүкендерінің бірінде сатушыға күш көрсетіп, кассаны тонап кеткен белгісіз ер адам қолға түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Полиция қызметкерлері анықтағандай, белгісіз ер адам сатушыға күш көрсету арқылы кассадан ақша алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігімен СДТТБТ-не тіркелген.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы мен Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының барысында күдікті Тараз қаласынан ұсталып, жеткізілді.

Айта кету керек, осы жылдың 2 қазанында инстаграм әлеуметтік желісінде қаладағы бір дүкенге кіріп сатушыға күш көрсеткені жайлы бейнежазба жарияланған болатын.

Қазір қарақшылық жасаған адамға сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі