Шымкент қаласында тұрғын үй және құрылыс саласының сапасы жақсарып келеді

0
264

Қаланың кондоминиум нысандары «Е-Шаңырақ» ақпараттық жүйесіне толықтай енгізіліп, техникалық паспорттар цифрландырылды. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқаруды жеңілдетуге және айқындылықты қамтамасыз етуге септігін тигізуде.


Шымкент қаласында тұрғын үй және құрылыс саласының сапасы жақсарып келеді

Шымкент қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жағымды өзгерістер орын алуда.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы - Керімжанов Мерлан Әбдірахманұлы баяндады.

Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің басқару жүйесі жаңарып, 1172 тұрғын үй басқару нысаны ретінде тіркелген. Оның ішінде 142 тұрғын үйде мүлік иелері бірлестігі (МИБ) құрылып, 1030 үйде жай серіктестік (ЖС) жұмыс істеп жатыр. Бұл реформалар тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға және үйлерді тиімді басқаруға бағытталған.

Мерлан Әбдірахманұлының айтуынша, қалада құрылыс жұмыстарын заң талаптарына сай жүргізу күшейіп, 2024 жылы лицензия алу бойынша 609 өтініш қаралып, 76 лицензия берілген. Сонымен қатар, сарапшылық жұмыстарды орындау үшін 43 сарапшыға аттестат берілді, бұл құрылыс сапасын арттыруға көмектесуде.
Сондай ақ, қаланың кондоминиум нысандары «Е-Шаңырақ» ақпараттық жүйесіне толықтай енгізіліп, техникалық паспорттар цифрландырылды. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқаруды жеңілдетуге және айқындылықты қамтамасыз етуге септігін тигізуде.
Жалпы, Шымкенттегі бұл реформалар қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуді арттырып, құрылыс және тұрғын үй саласындағы басқару жүйесін жаңа деңгейге көтеруде.

Бұған дейін басқарма басшысы Шымкент қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы құрылыс саласындағы заң бұзушылықтарды қатаң бақылауда екендігін және жыл басынан бері 645 құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарлама тіркелсе, оның ішінде 81-і бюджет қаражатымен, 564-і жеке қаржыландырумен жүзеге асқаны туралы айтқан болатын.

Бөлісу