​ШЫМКЕНТ қаласында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

0
1 204


​ШЫМКЕНТ қаласында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

Бүгінгі таңда қала аумағындағы 1 262 гектарға саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жүргізілді. Жоспарға сәйкес залалсыздандыру жұмыстары Тұран ауданында – 314, Әл-Фараби ауданында 280, Қаратау ауданында 228, Еңбекші ауданында 140, Абай ауданында 300 гектар егістік алқапта атқарылады.

Масаларға қарсы дезинсекция жұмыстары маусым-қыркүйек аралығына жоспарланған. Биылдыққа үшінші рет 12 саябақта, 37 өзен-каналда, 45 гүлзар, аллеяда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
Кенеге, яғни энзоотиялық ауруларға қарсы жұмыстар жылына 2 рет, көктем, күз мезгілдерінде жасалады. Көктемде жалпы 152 мыңнан аса үй жануарына бүрку, тоғыту шаралары атқарылып, қора-жайлар мен саябақтар, гүлзарлар залалсыздандырылды. Қажетті ветеринариялық препараттар толық жеткізіліп, залалсыздандыруға бүркуіш аппараты орнатылған автокөліктер мен ранц аппараттары бар 6 бригада жұмылдырылды. Өңдеу шаралары тек малы бар үйлер мен қора-жайларға бюджет есебінен жүргізіледі.
Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарымен «Ветеринариялық қызмет» МКК айналысады.
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байтулы Баба, №9/14 үй
Телефон нөмірі: 45-05-05, 45-05-22, 8707-414-68-96
Бөлісу