Ғабит Сыздықбеков БАҚ қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттар табыстады.
ERNUR.KZ. Шымкент қаласының әкімі БАҚ қызметкерлі күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға қатысып, үздіктерді марапаттады.
Еске салсақ, 28 маусымда елімізде "Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні" аталып өтеді. Осыған орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, БАҚ қызметкерлері қала басшысының қолынан мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттар алды.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мегаполистің дамуына БАҚ өкілдерінің қосатын үлесі мол әрі қоғамда маңызды рөл атқаратынын айрықша атап өтіп, алғысын білдірді.
- Журналистерге еңбектері мен мамандыққа адалдығы үшін ризашылығымды білдіремін. Бұқаралық ақпарат құралдары біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады. Күн сайын журналистер бізді соңғы жаңалықтармен таныстырып, уақыттың тынысын айқындайды. Бұл күні бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жемісті жұмысы мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтқым келеді.
Сонымен қатар, үшінші мегаполис әкімі қала тұрғындарының "Спутник" алаңын Журналистер алаңы деп өзгерту туралы бастама көтергенін айта келіп, осынау игі бастаманы қолдайтынын және ономастикалық комиссияның қарауына ұсынуды тапсырғанын да айтып өтті.
Мерекелік іс-шарада төртінші билік өкілдеріне арналған ән шашумен жалғасты.
Айта кету керек, бүгінде Шымкентте ресми түрде 176 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді. Олар күн сайын қоғам мен билік арасында диалог орнатуда өз үлестерін қосуда.