​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАР ТЕГІН WI-FI ЖЕЛІЛЕРІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУДЕ

0
144

Қоғамдық көліктерде, саябақтарда, алаңдарда, мәдени орталықтарда және басқа да орындарда интернетке қосылып, қажетті ақпаратты жылдам алуға, жұмыс істеуге, білім алуға, немесе жай ғана әлеуметтік желілерде уақыт өткізуге мүмкіндік береді.


​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАР ТЕГІН WI-FI ЖЕЛІЛЕРІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУДЕ

Шымкент қаласында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және заманауи технологияларды пайдалану мақсатында қоғамдық орындарды тегін Wi-Fi желілерімен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

2023 жылы бұл бастама аясында қаладағы 20 қоғамдық орынға 55 Wi-Fi құрылғысы орнатылған болатын. Ағымдағы жылы қосымша тағы 5 қоғамдық орынға - 15 Wi-Fi құрылғысы орнатылып, жалпы саны - 70 Wi-Fi құрылғысы іске қосылды. Бұл қала тұрғындарына кез келген қоғамдық орында интернетке оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Тегін Wi-Fi желілері қала тұрғындары мен қонақтарына көптеген артықшылықтар ұсынады. Олар қоғамдық көліктерде, саябақтарда, алаңдарда, мәдени орталықтарда және басқа да орындарда интернетке қосылып, қажетті ақпаратты жылдам алуға, жұмыс істеуге, білім алуға, немесе жай ғана әлеуметтік желілерде уақыт өткізуге мүмкіндік береді. Қаламызда Бәйдібек би, Әкімдік алаңы, Аэропорт, Дендросаябағы, Нұрсат аллеясы, Назарбеков көшесіндегі гүлзар т.б. жерлерге орнатылды.
Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін «2GIS» қосымшасында арнайы бөлім енгізілді. Бұл бөлімде жедел қызметтердің байланыс нөмірлері, олардың орналасқан жері және қаладағы тегін Wi-Fi желілері туралы толық ақпарат көрсетілген. Мұндай шешім қала тұрғындарының қажетті ақпаратқа жылдам қол жеткізуін жеңілдетеді және қаланың цифрлық инфрақұрылымын дамытуға септігін тигізеді.
Бөлісу