​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙБЫН-2024 Х ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

0
258


​ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЙБЫН-2024 Х ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚР Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде әр жыл сайын өткізілетін «Айбын-2024» Х әскери-патриоттық жастар жиыны 2024 жылғы 16-22 маусым аралығында Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтының «ӘЛИ» оқу-жаттығу базасында халықаралық деңгейде (Қазақстан, Ресей, Беларус, Қырғыстан, Өзбекстан, Әзербайжан) мемлекеттерінің қатысуымен және еліміздің 20 (жиырма) өңірлерінің әскери-патриоттық клубтары, әскери бөлімдер, «Жас Ұлан» әскери мектептерінің әскери-патриоттық «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері жалпы 50 (елу) команда 750 (жеті жүз елу) жастар қатысты.

Айтулы додада Шымкент қаласының намысын қорғаған «Сұңқар» «Болашақ» әскери-патриоттық «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері 30 (отыз) (20 ұл, 10 қыз) оқушы жастарымыз жоғары тың дайындықпен барлық күш-жігерін салып, өз өнерлерін паш етті.
Халықаралық «Айбын-2024» Х әскери-патриоттық жастар жиынының ережесі:
1. Айбын дарыны интеллектуалдық зияткерлік ойыны.
2. Айбын жұлдызы шығармашылық байқауы.
3. Кермеге артылу (ұлдар).
4. Арқаға жатып денені көтеру (қыздар)
5. АК-74 автоматын шашу және жинау (3 ұл, 2қыз)
6. Пневматикалық винтовкадан ату (2 ұл, 1 қыз)
7. Әскерилендірілген этафета (4ұл, 1қыз)
8. Әскери кросс 3000м ұлдар.
9. Әскери кросс 1000м қыздар
10. Арқан тарту (ұлдар)
Қорытынды есепте жас өрендеріміздің жетістіктері
«СҰҢҚАР» КОМАНДАСЫ
Ак-74 2-орын
Айбын дарыны 10-орын
Айбын жұлдызы 8- орын
Пресс 1-орын
Турник 6- орын
Тир 5- орын
Эстафета 12-орын
Арқан 5-орын
1000м 9-орын
3000м 3-орын
Жалпы: 61 бал
Командалық есепте
IV ОРЫН
«БОЛАШАҚ» КОМАНДАСЫ
Ак-74 3-орын
Айбын дарыны 7-орын
Айбын жұлдызы 4- орын
Пресс 3-орын
Турник 8- орын
Тир 3- орын
Эстафета 5-орын
Арқан 1-орын
1000м 4-орын
3000м 4-орын
Жалпы: 42 бал
Командалық есепте ІІ ОРЫН
Айта кетейік биылғы халықаралық «Айбын-2024» әскери-патриоттық жастар жиыны тұңғыш армия генералы Халық Қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Бөлісу