​Шымкент қаласында 900-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған

0
190


​Шымкент қаласында 900-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған

Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Шымкент қаласында кәсіпкерлік, индустриялық - инновациялық, өнеркәсіп, инвестициялар, сауда саласында жарты жылдық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» баспасөз конференциясын өтті.

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары Тұрманов Ермек Полатұлы үшінші мегаполистегі аталған сала бойынша атқарылған жұмыстар мен нәтижелер бойынша БАҚ өкілдеріне баяндап берді.

Смикердің айтуынша, Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 902 өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған, оның ішінде 20 – ірі, 45 – орта және 837 – шағын өндірістер.
2024 жылғы қаңтар – мамыр айларында қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 424,7 млрд теңгенің (2023 ж. 5 айы – 405,5 млрд тг.) өнімін өндіріп, алдыңғы жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнім көлемі 3,8 %-ға төмендеген.
Өнеркәсіп саласында үлесі 85,4 % құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 628,2 млрд теңгенің (2023 ж. 5 айы – 349,2 млрд тг.) өнімі өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі – 94,5 % құрап отыр.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің төмендеуіне саланың басым бөлігін құрайтын «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның өндіріс көлемінің азаюы есебінен орын алды. Өйткені зауыт ҚР Энергетика министрлігінің жоспар-кестесіне сәйкес 2024 жылдың 25 наурыздан 23 сәуірге дейін жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндіріс тоқтатылды.

Қала аумағында жалпы аумағы 869 га құрайтын 5 өнеркәсіптік аймақ жұмыс істейді. Бүгінгі таңда 330,9 млрд теңге сомасына 344 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, бүгінгі таңға 229,0 млрд теңгені құрайтын 287 жоба 8,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнымен іске асырылды.

«ОҢТҮСТІК» индустриялық аймағында 101,4 млрд теңгеге 3 мың жаңа жұмыс орындарымен 96 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, 78 жоба іске қосылып, онда 2,7 мың жұмыс орындары ашылды және оған 96,7 млрд теңгенің инвестициясы тартылды.
2024 жылы 38 жаңа жұмыс орындарын құрумен 547 млрд теңгеге 2 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Оның ішінде, 8 жаңа жұмыс орындарын құрумен 347 млн теңгеге 1 инвестициялық жоба іске асырылған.
Бөлісу