ШЫМКЕНТ: Карантин мерзімі ұзартылды

0
729

Өңірде адамдардың қатысуымен спорттық, салтанатты және еске алу шараларын, форумдар мен конференцияларды өткізуге тыйым сақталады.


ШЫМКЕНТ:  Карантин мерзімі ұзартылды

Шымкент қаласында карантиндік шектеу шараларының мерзімі биылғы 9 қарашаға дейін ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкенттің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың 24 қазандағы қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайларының жалғасуына байланысты қалада карантин және шектеу шаралары 9 қараша күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

Өңірде адамдардың қатысуымен спорттық, салтанатты және еске алу шараларын, форумдар мен конференцияларды өткізуге тыйым сақталады.

Сондай-ақ цирк, караоке, бильярд және компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық нысандардағы балалардың ойын алаңдары, батуттар, фудкорттар, мен букмекерлік кеңселердің қызметіне рұқсат жоқ.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден көруге болады.