Табиғи газбен қамту көрсеткіші 98 % болады.
Бүгін Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Р.Мүлкеманов Қаратау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында баяндама жасады.
Қаратау ауданының аумағы 19 500 гектар, халық саны 213 мыңнан астам. Аудан аумағында 18 елді мекен. Көшелер саны – 595, жеке тұрғын үйлер саны – 29 762, көп қабатты үйлер саны – 603, ал демалыс орындарының саны – 11.
Ал табиғи газбен қамту көрсеткіші 96%-ды құрап отыр. Қамтуды қажет ететін елді мекендер: Тассай Т/А, Бозарық, Таскен, Қызылсу, Шапырашты, Өтеміс, Достық, Мәртөбе, Мирас елді мекендерінің жаңақұрылыс аумақтары. Тассай тұрғын алабы, Бозарық саяжайы жаңқұрылыс аумағын табиғи газбен қамту жұмыстары жүруде. Жұмыстарды 2024 жылдың III тоқсанына дейін аяқтау жоспарланған. Аталған жұмыстардың аяқталуына орай, табиғи газбен қамту көрсеткіші 98 % болады.