2022 жылы жоспарланған 308 көшенің бүгінгі таңда 155 шақырым болатын 190 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталды.
Шымкентте Қаратау ауданы аумағында жоспарланған 48 көшенің бүгінде 17-інде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Атап айтқанда, Қызылсу тұрғын алабы аумағындағы Гүлистанның 8 көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Аталмыш көшелердің жалпы ұзындығы 6,7 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, орташа жөндеуден өткен Жаңақұрылыс № 2,3 көшелерінің ұзындығы - 1,3 шақырым.
Сонымен бірге, Сайрам тұрғын алабындағы Сыдыхан ата, Мүслім төбе, Тектұрмас, Тиллаходжаев көшелерінде асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары аяқталды.
Асар-2 шағын ауданындағы №1,2 көшелері орташа жөндеуден өтіп, бүгінде ел игілігіне пайдалануға берілді.
Өтеміс шағын ауданы аумағындағы Д.Қонааев және Өжен көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
Достық тұрғын алабындағы Ынтымақ көшесі, Омарташы көшесінің жалғасы, тұйығы және Абдиров көшелерінің жолдары жөнделді.
Ұзындығы 1,4 шақырымды құрайтын Ақжайық шағын ауданының аумағындағы Қамбар батыр көшесінің орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
Қайнар бұлақ тұрғын алабының Русские березки көшесінің жол құрылыс жұмыстары аяқталды, ұзындығы 2 шақырымды құрайды.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2022 жылы жоспарланған 308 көшенің бүгінгі таңда 155 шақырым болатын 190 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталды. Ал, қалған 72 нысанды ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін толық көлемде аяқтау жоспарлануда. Оның ішінде магистральды 10 көше бар. Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 167 нысанға немесе 308 көшеге жүргізілуде. Ағымдағы жылы ірі нысандар бойынша Қонаев даңғылы 3 кезеңі, Қонаев-Рысқұлов жолайрығының құрылысын және Самал-1,2,3, шағын ауданындағы жол құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс жолағына түсетін жер учаскелерін мемлекет мұқтаждығына қайтару бойынша мәселелер дер кезінде шешілсе, шығыс және оңтүстік айналма жолының құрылысын аяқтау жоспарда бар.