4 кәсіпкерлік нысанға 434 бап бойынша айыппұл салынды.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мен Экологиялық полиция департаменті бірлесіп, аудан аумағы бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарға көше бойына қалдықтар шығармау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түсіндірме жұмыстарының мақсаты - қала экологиясына зиян келтірмеу және қоқыс қалдықтарын тиісті жерге тастау.
Аталған іс-шара барысында, Түркістан көшесі бойында қоқыс қалдықтарын көшеге шығарған 4 кәсіпкерлік нысанға 434 бап бойынша айыппұл салынды.