ШЫМКЕНТ: қауын-қарбызды белгіленбеген орында сатуға рұқсат жоқ

0
225


ШЫМКЕНТ: қауын-қарбызды белгіленбеген орында сатуға рұқсат жоқ

Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, тәртіп сақшылары мен аудан әкімдігі қызметкерлері заңсыз қауын-қарбыз сатумен айналысатын кәсіпкерлерге тек белгіленген орында сауда жасау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ағымдағы жылдың 1-10 шілде аралығында Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 14 маусымдағы №2817 қаулысымен бекітілген стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бөлу бойынша конкурсқа өтініштер қабылданады.
Сонымен қатар, қалада белгіленген орындарда бекітілген эскиз бойынша қарбыз және қауын сатуға болады.
Қатысуға өтінімдер мына мекен жайда қабылданады: Ерімбетов көшесі 304г, «Inves Shymkent” фронт-кеңсесі
Анықтама үшін: +7 (7252) 39-11-77 және 7481 колл орталық.
Бөлісу