ШЫМКЕНТ: "Қиял әлемі" технопаркі мемлекет меншігіне қайтарылды

0
307


ШЫМКЕНТ:

Шымкент қаласындағы "Қиял әлемі" технопаркі мемлекет меншігіне өтетін болды.

«Айгерім» ЖШС-не Шымкент қаласы әкімдігінің 24.06.2009 жылғы №941 санды қаулысының негізінде Шымкент қаласы, Республика даңғылы №9 алаңы 4,8391 гажер учаскесі жеңіл конструкциялардан балалар ойын сауық орталығын орнату үшін уақытша жер пайдалану құқығымен 49 жыл уақытша мерзімге табысталып, жер учаскесін жалға алу келісім шарты түзілген.

Аталған жер учаскелері заңсыз табысталуына байланысты, «Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі мен «Айгерим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің арасында түзілген жер учаскесін жалға беру туралы 18 наурыз 2011 жылғы №002/392 үлгілік шарты жарамсыз деп тану туралы талап-арыз жолданған.

2024 жылғы 10 мамырда Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешіміне сәйкес, талап арыз қанағаттандырылған. Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі мен «Айгерим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің арасында түзілген жер учаскесін жалға беру туралы 18 наурыз 2011 жылғы №002/392 үлгілік шарты жарамсыз деп танылған.

2024 жылы 31 шілдеде Шымкент қалалық сотының қаулысына сай, аталған шешім күшінде және «Айгерим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аппеляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шымкент қалалық сотының қаулысы түпкілікті дайын болғаннан кейін, Әкімдік тарапынан мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қорғау мақсатында ҚР Жер кодексінің 164-1 бабына сәйкес, заңсыз салынған құрылыстарды өз есебінен бұзу арқылы жер учаскесін бастапқы қалпына келтіруді міндеттеу туралы талап-арыз сотқа жолданатын болады.

Бөлісу