Бүгін Шымкент қаласында ортақ пайдалану аумағынан заңсыз берілген 1 гектарға жуық жер учаскесінде салынған заңсыз құрылыс бұзылды.
Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан «REAL PACK» ЖШС-не тиесілі құрылыс нысанына тексеру жүргізілген болатын. Нәтижесінде, “Қиял әлемі” саябағына іргелес жатқан әжетхана құрылысына берілген жалпы көлемі 0,9326 га жер учаскесі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарына қайшы берілгені және аталған аумаққа заңсыз құрылыс жұмыстары жүргізілгендігі анықталған еді.
Нәтижесінде басқарма тарапынан құқық бұзушылықтарға байланысты аталған серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Бүгін сот шешіміне сәйкес 3 қабатты құрылыс нысанын бұзу жұмыстары жүргізілді.