ШЫМКЕНТ: Қоғамдық көлік бойынша арыз-шағым әлеуметтік желі арқылы да қабылданады

0
3 372

«Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы шаһарға 1 мың автобус алу жоспарланып отыр. 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін 300 автобус келеді. Қалған 700 автобус жылдың соңына таман жеткізіледі.


ШЫМКЕНТ: Қоғамдық көлік бойынша арыз-шағым әлеуметтік желі арқылы да қабылданады

Шымкентте қоғамдық көлік бойынша әлеуметтік желілердегі арыз-шағымдар мен ұсыныстар тиісті мамандарға жолданады - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Құрметті шымкенттіктер! Қазір «Shymkent» ӘКК қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп қоғамдық көлікті жаңартуды қажет ететін бағыттарды анықтауда. Бұл ретте біз сіздердің пікірлеріңіз бен тілектеріңізді барынша ескергіміз келеді. Сондықтан осы посттың астына автобустарын жаңартуды қажет ететін бағыттарды, мекен-жайларды жазуларыңызды өтінеміз. Сіздердің пікірлеріңіз назарға алынады және тиісті мамандарға жолданады", - делінген ӘКК-ның Instagram парақшасындағы хабарламасында.

Айта кету керек, қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында, биыл «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы шаһарға 1 мың автобус алу жоспарлануда. 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін 300 автобус келеді. Қалған 700 автобус жылдың соңына таман жеткізіледі.

Жалпы, бүгінде Шымкентте 26 көлік компаниясы бар. Күн сайын 1200 автобус пен шағын автобус қызмет етеді. 500 мыңнан астам жолаушы қоғамдық көлікпен күнделікті қатынайды.

Дереккөз: «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі мәлім етті.