ШЫМКЕНТ: Қоғамдық көлік жүйесіне бақылау күшейтіледі

0
1 413

8 сәуір күні қалада ауыр көлік оқиғасы орын алып, төрт адам қайтыс болды.


ШЫМКЕНТ: Қоғамдық көлік жүйесіне бақылау күшейтіледі

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Мұқтар Қоқанбаев барлық тасымалдаушы компания басшыларымен арнайы жиын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиын барысында басқарма тарапынан тасымалдаушы компанияларға аталған оқиға бойынша жүргізушілердің назарына жеткізу, жол жүрісі, жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптары мен жүргізушінің міндеттері туралы қосымша және тұрақты түрде нұсқаулықтарды өткізу, жүргізушілер құрамы арасында кезектен тыс аттестациялау шараларын өткізу, тұрақты түрде маршруттардағы желілік бақылауды күшейту тапсырылды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласында 77 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күнделікті маршруттарға 877 автобус шығады (жалпы автобустардың саны резервпен қоса 1000 автобусты құрайды). Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде.