Жүргізушілер тарапынан жол ережесін қатаң сақтау мәселелері талқыланды.
сурет: көрнекілік үшін ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Шымкент қаласының Полиция департаментінде қоғамдық көліктерде тәртіп пен қала көшелерінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жиналыс өтті.
Жиында автобустарды толық бейнебақылау камерасымен қамту, оны тікелей жедел басқару орталығына қосу тақырыбы қозғалды. Сонымен қатар, жүргізушілердің жолаушылармен қарым-қатынасын реттеу, қоғамдық көлікті сергек күйде басқару үшін ауысым арқылы жұмыс уақытын 8 сағаттан асырмау және автобустардың соңғы аялдамасын талапқа сай жасау барысы сөз болды. Осы орайда жүргізушілер тарапынан жол ережесін қатаң сақтау мәселелері де талқыланды.
Кездесу барысында көлік компанияларының өкілдеріне қоғамдық көліктердегі келеңсіз жағдайлар туралы ескертіліп, сондай-ақ пікірлер алмасып, бірқатар ұсыныс қаралды.