ШЫМКЕНТ: Көліктер мен жаяу жүргіншілерді тіркеу 15 сәуірде де жалғасады

0
2 764

Полиция қызметкерлері қалада жүріп-тұруға жалған анықтама жасап, 3000 теңгеден сатқан адамдарды ұстаған.


ШЫМКЕНТ: Көліктер мен жаяу жүргіншілерді тіркеу 15 сәуірде де жалғасады

Шымкент қаласында аса қажеттілік болған жағдайда тұрғындардың жүріп-тұруына берілетін рұқсат анықтамасы жарамсыз деп танылды. Енді полиция қызметкерлері арнайы планшетпен кез келген адамның тіркелген- тіркелмегендігін анықтайды. Сондықтан қалалық әкімдіктің ресми сайтында арнайы парақша ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Шымкентте Бас санитардың қабылдаған Қаулысында адамдардың анықтамамен жүруіне рұқсат берілген. Бірақ, Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы бұл шешімді екі күн бұрын тоқтатты. Себебі, қолдан жасалған жалған анықтамалар көбейіп кетті. Оның үстіне, полиция қызметкерлері жалған анықтама жасап, 3000 теңгеден сатқан адамдарды да ұстады. Ондай фактілер өте көп. Сондықтан, анықтамаларды қағаз түрінде қалдыру мүмкіндігі болмады. Көліктердің қаладағы қозғалысы көбейіп кетті", - деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.

Қазіргі таңда төтенше жағдай режимінде қалада жүруге аса қажеттілік туындаса http://shym-karantin.pillikan.kz/ сайтында деррекқорға деректерді енгізу арқылы қала бойынша қозғалуға рұқсат алуға болады.
Барлық деректерді дерекқорға енгізгеннен кейін бұл мәліметтерді полиция қызметкерлері планшеттен көре алады.

Егер тіркелген болсаңыз, қала аумағында қай уақыт аралығында жүруге болатындығы көрсетіліп тұрады.

Ал, мәліметтеріңіз болмаса, мына сілтеме http://www.karantin-shymkent.com/ бойынша сауалнамаларыңызды толтыруыңызға болады.
Карантин кезінде жеке тұлғаға немесе көлік құралына қала бойынша қозғалуға рұқсат алу үшін http://shym-karantin.pillikan.kz/ сілтеме арқылы білуге болатын.

Аталған база күн сайын жаңартылады.
Қосымша ақпаратты қала тұрғындары + 7 (7252) 39-50-55 нөмеріне хабарласып, біле алады.

Естеріңізге сала кетейік, көліктер мен жаяу жүргіншілерді тіркеу 15.04.2020 жылы сағат 09-00-де басталады.

Ал, бүгінге дейін 38 268 көлік, 39 049 жаяу жүргінші және 69 008 адам блок-посттан өту үшін онлайн тіркелген.