Табиғи газ тұрғындардың қоныстану деңгейі 80% және одан жоғары болған кезде және тек жеке есепшоттары ашылған, адам қоныстанған пәтерлерге ғана жіберіледі.
Пәтер сатып алып, барлық құжатын рәсімдеген соң меншік иесі газбен жабдықтау бойынша жеке есепшот ашуға міндетті. Оның алгоритмі қандай?
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
1-қадам. Пәтерге құжаттарды рәсімдеу: меншік иесі пәтер сатып алғаннан кейін техникалық паспортты рәсімдеп, меншік құқығын растайтын барлық құжатты алады.
2-қадам. Жеке есепшот ашу: меншік иесінің өзі немесе жауапты өкілі бір немесе бірнеше пәтердің (болған жағдайда) құжаттарын тапсырады.
3-қадам. Пәтерге газ қосу шарты: көп пәтерлі үйге газ пәтерлерге нақты қоныстану деңгейі кемінде 80% болған жағдайда ғана қосылады.
Табиғи газ тұрғындардың қоныстану деңгейі 80% және одан жоғары болған кезде және тек жеке есепшоттары ашылған, адам қоныстанған пәтерлерге ғана жіберіледі.
Жеке есепшот ашуға қажет құжаттар:
Пәтердің техникалық паспорты;
Меншік құқығын растайтын құжат (сатып алу-сату шарты);
Меншік иесі туралы мәліметтер;
Меншік иесінің жеке куәлігі;
Пәтерде орнатылған газ есептегіштің фотосуреті;
Үй ішіндегі газ жабдығына техникалық қызмет көрсету туралы шарт.
Құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, сондай-ақ, қауіпсіздік талапарына сәйкес қоныстану деңгейі 80%-ға жетпеген жағдайда көп пәтерлі үйге газ берілмейді.
QazaqGaz Aimaq мекенжайы: Темірлан тасжолы, 20/2.


