​ШЫМКЕНТ: көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен 5 бала құлап кеткен

0
446

Барлық жағдайлар ата-аналардың немесе үлкендердің балаларды қараусыз қалдыруынан болып отыр.


​ШЫМКЕНТ: көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен 5 бала құлап кеткен

Шымкентте Көп қабатты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлауының алдын алу бойынша кездесу өтті.

Жыл басынан тұрғын үйлердің терезесінен құлау фактілері бойынша 5 жағдай тіркелген. Барлық жағдайлар ата-аналардың немесе үлкендердің балаларды қараусыз қалдыруына және пәтерлердің терезелері ашық болуына байланысты орын алып отыр.

Осы жағдайға байланысты 2024 жылғы 15 шілдеде Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің дағдарыс орталығында Департамент бастығының орынбасары Жамбыл Убайдуллаұлы Жабаевтың төрағалығымен «Көп қабатты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың

құлауының алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Аталған кездесуге аудан әкімдіктері мен ТЖ, қаланың құзыретті басқармалары мен ұйымдарының басшылары қатысты.

Кездесу барысында бейнеролик көрсетіліп статистика жеткізілді, жазатайым жағдайлардың алдын алу бойынша тұрғындар арасында қарқынды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ көптеген балалардың өмірін сақтап алуға мүмкіндік беретін арнайы терезе бекітіштерді орнатылуы қажеттілігі туралы айтылды.

Шымкент қаласы ТЖД ересектерден келесі ұсыныстарды ескеруді сұрайды:
Үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз;
Жиһазды терезелердің жанына қоймаңыз;
Терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен болуы керек;
Бала оны өздігінен аша алмайтындай етіп терезе тұтқасын құлыптаңыз;
Баланы терезеде тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, ол сіздің жоқтығыңызда қайталауы мүмкін.


Балалардың қауіпсіздігі тек ата-анасының қолында екендігін ескертеді Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Бөлісу