ШЫМКЕНТ: Көпқабатты үйдің шатыры ұшып жедел жәрдем көлігін басып қалды

0
1 591

Құйындатып соққан жел біраз жерді жарықсыз қалдырып, үйлердің шатырын ұшырып әкеткен.


ШЫМКЕНТ: Көпқабатты үйдің шатыры ұшып жедел жәрдем көлігін басып қалды

Шымкент қаласында 8 мамыр күні соқан екпінді желдің салдарынан тұрғын үйлердің шатырлары ұшып кетті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкенттегі Әл-фараби алаңында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің шатыры ұшып жедел жәрдем қызметінің көлігін басып қалған. Профнастилден жасалған шатырдың жалпы көлемі 120 шаршы метр. Сондай ақ қаладағы Циалковский, М.Х.Дулати көшелері бойында орналасқан үйлердің де шатырлары қатты желдің екпінімен ұшып кеткен.

Құйындатып соққан жел салдарынан ағаштар да құлап сынып қалған. Мәселен, Водопьянов көшесінде орналасқан тұрғын үйдің үстіне үлкен құлап, электр сымдары үзілген. Көше тұрғындары жарықсыз қалған. Барлық орын алған оқиғалар бойынша Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Энергетика мамандары да жұмылдырылған.

"Шымкент қаласында 8-9 мамыр аралығында ауарайының өзгеруіне байланысты дауылды алдын ала ескерту жарияланған. Дауылды ескерту бойынша 8 мамырда кешкі сағат 20.00-ден бастап Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл кезекшілеріне хабарламалар түсе бастады. Бұл жұмыстарға жалпы жеке құрамында 20 адам, 6 техника жұмылдырылды. Жарақат алғандар мен қайтыс болғандар жоқ,"- деп мәлімдеді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.