Науқастардың басым бөлігі вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған.
иллюстрациялық фото
Соңғы мәлімет бойынша Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 34 адам тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 34 Шымкент қаласы тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды: 19-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 2-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, 12-і скрининг нәтіжесінде анықталған,
1-і халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
22.05.20 жылы қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 573 адам анықталды.