Шымкент қаласындағы құрылыс материалдары қала сыртында 5 орында сатылатын болады.
Қазір қала аумағында заңсыз орналасқан құм, шағал тас, ағаш секілді құрылыс материалдары саудаланатын базарлар қала сыртына көшірілуде. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлерге ұсынылған Бадам бағыты бойындағы 77 га жер телімінде құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Бүгін Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен Б.Әзімбердиев, аталған аумақта қала әкімінің кеңесшісі Б.Парманов, Абай ауданының әкімі Ш.Сұлтанхан бастаған Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының және Көліктік бақылау инспекциясының мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл шаралар қаланың шырайын бұзған келеңсіздіктерді жойып, қала ішінде көліктер мен жолаушыларға қолайлы жағдай туғызады.
Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында қаланың бес нүктесінде құрылыс материалдары сатылатын арнайы орындар ұйымдастырылуда. Олар, Алтынтөбе, Бозарық, Құрсай, Бадам және Қызылсай шағын аудандарында орналасқан.