ШЫМКЕНТ: «ҚЫС – 2026» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

0
33

Аталған іс-шара жоспарлы оқу-жаттығу сипатында өткізіледі және нақты төтенше жағдайдың орын алғанын білдірмейді.


ШЫМКЕНТ: «ҚЫС – 2026» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

2026 жылғы 24-25 қараша күндері Шымкент қаласында «Қыс – 2026» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғау қызметтерінің авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмысты жүргізуге әзірлігін тексеру, күштер мен құралдардың дайындығын пысықтау және өзара іс-қимыл алгоритмдерін жетілдіру.

Іс-шара аясында қала аумағында азаматтық қорғау қызметтерінің арнайы автокөліктеріндегі дыбыстық және жарықтық дабыл беру құрылғылары (сиреналар мен арнайы сигналдар) іске қосылады.
Осыған байланысты қала тұрғындарынан оқу-жаттығу барысында естілетін сирена дыбыстарына алаңдамауды және сабыр сақтауды сұраймыз. Аталған іс-шара жоспарлы оқу-жаттығу сипатында өткізіледі және нақты төтенше жағдайдың орын алғанын білдірмейді.

Тұрғындарды ресми ақпарат көздеріндегі мәліметтерге сүйенуге, жалған ақпарат таратпауға және оқу-жаттығу жұмыстарына түсіністікпен қарауға шақырамыз.

Бөлісу