​ШЫМКЕНТ МАЙ ЗАУЫТЫ ЖАНЫНДАҒЫ КӨНЕ САЯБАҚ ЖАҢАРТЫЛДЫ

0
211

Сондай-ақ, саябаққа ауызсу бұрқағы, тегін автотұрақ, 8 орындық, 8 қоқыс жәшігі, 6 пергола, 40 жарықшам бағанасы, 8 декоративті тас орнатылды. Аталған аумақта 10 астам көбқабатты үилер мен 500 астам жеке тұрғын үилер бар 2000 астам тұрғын бар.


​ШЫМКЕНТ МАЙ ЗАУЫТЫ ЖАНЫНДАҒЫ КӨНЕ САЯБАҚ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Шымкентте Есіл және Камал көшелерінің арасындағы 0,5 га жерді қамтитын аумақта саябақ пайдалануға берілді.

Қала әкімі Ғ.Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес көне саябақтың жаңартылуы тұрғындарды ерекше қуанышқа бөледі.

Ұлт саулығын жақсарту мақсатында саябаққа 200 ш.м құрайтын заманауи баскетбол алаңшасы, балалар ойын және спорт (тренажер, воркаут) алаңшалары, 3 әткеншек, 2 теннис үстелі, 1 шахмат үстелі орнатылды. Жаңа серуендеу аймағында 4000 ш.м аумақ көгалдандырылып, шынар, гуджу, каштан ағаш көшеттері мен көпжылдық сәндік гүлдер отырғызылды.
Сондай-ақ, саябаққа ауызсу бұрқағы, тегін автотұрақ, 8 орындық, 8 қоқыс жәшігі, 6 пергола, 40 жарықшам бағанасы, 8 декоративті тас орнатылды.
Аталған аумақта 10 астам көбқабатты үилер мен 500 астам жеке тұрғын үилер бар 2000 астам тұрғын бар.

Айта кету керек, Шымкент қаласы күн санап көркейіп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауда қарқынды дамып келеді. Соңғы жылдары қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындардың демалыс орындарын көбейту мақсатында көптеген гүлзарлар салынып жатыр. Бұл бастамалар тек қала эстетикасын жақсартумен ғана шектелмей, сонымен қатар экологиялық тұрақтылықты сақтауға үлкен үлес қосады.

Қаладағы гүлзарлар тұрғындарға таза ауада серуендеуге, табиғат аясында демалуға мүмкіндік береді. Көптеген жаңа жобаларда ерекше дизайндық шешімдер қолданылып, түрлі гүлдер мен ағаштар отырғызылды. Бұл Шымкент қаласын көркем етумен қатар, экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Қаладағы ауа сапасын жақсартуға, жаздың ыстық күндерінде қала тұрғындарына сая болатын орындар жасалуда.

Қазіргі таңда салынып жатқан гүлзарлардың әрқайсысы өзіндік бірегей концепцияға негізделген. Мысалы, кейбір жобаларда ұлттық ою-өрнек элементтері қолданылып, қазақ мәдениетін бейнелейтін инсталляциялар орнатылуда. Басқа гүлзарлар заманауи стильде безендіріліп, қаланың даму динамикасын көрсетуге тырысады. Орындықтар, жүргіншілер жолдары және жарықтандыру жүйелері қала тұрғындарының кешкі серуендеулеріне қолайлы жағдай жасайды.

Бөлісу