Орталықта 2025 жылдың қорытындысы бойынша аз қамтылған, көпбалалы және өмірлік қиын жағдайға тап болған 8 112 отбасына 12 349 қызмет түрі көрсетілген.
Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Социалұлы Сейітжан басқармаға қарасты Отбасын қолдау орталығының қызметімен танысты.
Мәртебелі мейманға орталық директоры Абибулла Қалымбет мекеменің негізгі функционалдық міндеттері мен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде жан-жақты ақпарат берді.
Орталықта 2025 жылдың қорытындысы бойынша аз қамтылған, көпбалалы және өмірлік қиын жағдайға тап болған 8 112 отбасына 12 349 қызмет түрі көрсетілген. Оның ішінде 3 141 отбасы FSM Social ақпараттық жүйесі арқылы тіркелген. Сондай-ақ мемлекеттік мекемелерден интеграциялық модель аясында орталыққа 958 ақпараттық сигнал келіп түскен.
Кездесу барысында Кенжеғұл Социалұлы орталық ұжымымен пікір алмасып, көпбалалы және әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көрсетіліп жатқан қолдау тетіктері, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған жобалар жөнінде талқылады.


