ШЫМКЕНТ: мәжілісте өзекті мәселелер пысықталды

0
281

Аппарат мәжілісінде базарларды көшіру мәселесі қаралды.


ШЫМКЕНТ: мәжілісте өзекті мәселелер пысықталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте базарларды жаңғырту, энергиямен үздіксіз жабдықтау шаралары сондай-ақ бюджет және жеке инвесторлар есебінен салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы талқыланды.

Кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Әзімбердиев қала аумағындағы модернизациядан өтетін базарлар бойынша өзекті мәселелерге тоқталды. Қала басшысы құрылыс заттары сатылатын базарларды сыртқа көшіру жұмыстарын күшейтуде де нақты тапсырмалар беріп, түсіндірме жұмыстарын жандандыруды ескертті.
Құрылыс басқармасының басшысы О.Тәжібаев биыл 207,6 мың шаршы метр құрайтын 2670 пәтерлі 66 тұрғын үйді (кредиттік-62, арендалық-4) пайдалануға тапсыру жоспарланғанын жеткізді. Бұл ретте қала әкімі ең бастысы, нысандардың сапасын қадағалап, баспаналардың жайлылығына назар аударуды ескертті.
Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р. Мендіқұлов энергиямен үздіксіз қамтамасыз етуде қабылданып жатқан шараларды баяндады. Басқарма басшысына абонеттерді жарықпен үздіксіз қамтуда тиісті мекемелермен тығыз жұмыс жүргізу тапсырылды.
Ғабит Сыздықбеков аудан, сала басшыларына көпқабатты үйлер ауласында тұрмыстық қалдықтарды жинастыруды жүйелі атқарып, жасыл желектерді суаруды кестеге сай жүргізу, құрылыс мәдениетін сақтауда мердігерлермен жұмыс істеу тапсырылды.

Еске салсақ, бұған дейін қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы тарапынан қала сыртынан ұсынылған Бадам бағыты бойындағы 75 га жер телімінде құрылыс жұмыстары жүргізілген еді. Осыған орай, құм, шағал-тас, өзге де құрылыс заттары сатылатын базарлар көше бастады. Аталған жұмыстар барысымен аудан әкімі Б.Парманов танысып, тиісті сала мамандарына жұмыстарды уақытылы орындауды тапсырған болатын.

Бөлісу