Қандай мамандық таңдайтындықтарыңыз маңызды емес, маңыздысы адамдарға және елге қандай пайда алып келетіндігің.
Шымкенттегі №105 мектептің 11-сынып оқушылары өрт сөндіруші және құтқарушылармен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мамандық әлемі әрқилы және таңқаларлықтай және де әрбір мамандық маңызды. Барлығы қажет, бірақ әр қилы сұранысқа ие. Мамандық таңдауға жауапкершілікпен қарау керек, өйткені онымен сен барлық өміріңді байланыстырасың.
Аталған кездесуде оқушыларға өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығы туралы Шымкент қаласындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры А.Жүнісбеков айтып берді. Тиісінше, азаматтық қорғау майоры А.Жүнісбеков балаларды қызметтің негізімен, авариялық-құтқару жұмыстарын жүгізу және өртті жою кезінде қолданылатын өрт сөндіру-техникалық жарақтармен таныстырды, сонымен қатар, өрт сөндірушілер тұрақты түрде арнайы жаттығулар өткізетіндігін, өрт орын алған жағдайда ептілік таныту және адамдарды құтқару үшін спортпен айналысатынын түсіндірді.
«Мамандық таңдауға жауапкершілікпен қарау керек. Қандай мамандық таңдайтындықтарыңыз маңызды емес, маңыздысы адамдарға және елге қандай пайда алып келетіндігің», - деді А.Жүнісбеков өз сөзінде.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда «Өрт қауіпсіздігі» бойынша білікті офицерлерді дайындайтын жоғары талапты оқу орны болып табылатын Көкшетау техникалық институты туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.