Аталған отырысқа ауданнан өтінім білдірген 31 отбасының құжаттары ұсынылған болатын.
Шымкент қаласы Еңбекші ауданында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының 1-ші кезең бойынша жеңімпаздарын анықтау комиссиясының отырысы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған отырысқа ауданнан өтінім білдірген 31 отбасының құжаттары ұсынылған болатын.
Аталған конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғыртуға, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіруге және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасылардың мүшелері жіберіледі. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2022 жылғы 23 мамыр мен 23 маусым аралығында қабылданады.
Айта кетейік, 2021 жылы өткен "Мерейлі отбасы" байқауына Шымкент қаласының тұрғындары арасынан Абай ауданы - 31, Әл-Фараби ауданы - 20, Еңбекші ауданы - 20, Қаратау ауданы – 39 барлығы 110 өтініш қабылдаған еді. Бұл 2019 жылмен (31 отбасы) салыстырғанда 4 есе көп отбасы қатысқандығын көрсеткен. Шымкентте өткен қалалық кезеңнің тағы бір ерекшелігі байқауға қатысушылар арасында көп балалы және жас отбасылардың саны 2 есе артып, анкеталық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша төрт ауданнан 16 отбасы байқаудың екінші қалалық кезеңіне жолдама алған болатын. Нәтижесінде Алиевтер отбасы комиссияның шешімімен жеңімпаз деп танылған еді.