ШЫМКЕНТ: Мереке қарсаңында 107 адам баспаналы болды

0
1 051

Шымкенттіктер жаңа пәтерінің кілті мен қала әкімінің құттықтауын пошта арқылы алды.


ШЫМКЕНТ: Мереке қарсаңында 107 адам баспаналы болды

Мереке қарсаңында Шымкентте тұрғын үй кезегіндегі 107 адам пәтер кілтін алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Айтенов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Олардың барлығы көпбалалы және әлеуметтік жағынан әлсіз топқа жатқызылғандар. Карантин кезінде адамдардың жаппай жиналуына тыйым салынғандықтан, баршаға пәтер кілті мен құттықтау хаттарды пошта арқылы жеткізуді жөн деп таптық", - деп жазған әкім.

Жыл басынан бері жоғарыда көрсетілген топтағы азаматтарға 692 пәтер берілді. Оның 458-не жаңа иелері қоныстанған. Кезегіміз қашан келеді деген тұрғындар да көп.


"Бүгiн тұрғын үй алу кезегіне 39604 азамат тіркелген. Оның ішінде: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 1643; көпбалалы отбасылар - 5236; халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы-12847; мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер-19852 азамат; тұрғын үйі апатты деп танылғандар - 26", - деп жазады шаһар басшысы.