ШЫМКЕНТ: Мұрат Әйтенов Абай ауданының тұрғындарымен кездесті

0
611

Қала әкімі, көтерілген мәселелер ескерусіз қалмайтынын, оның орындалуын өзі жіті бақылауға алатынын жеткізді.


ШЫМКЕНТ: Мұрат Әйтенов Абай ауданының тұрғындарымен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданының тұрғындарымен кездесіп, қаланың дамуы және инфрақұрылммен қамту барысын баяндады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Есепті кездесуге Қатын көпір, Солтүстік батыс, Самал-1,2,3, Шұғыла, Нұршуақ, №3,4,8 шағынаудандары мен 112 орамынан жалпы 500 ге жақын аудан тұрғындары, қала мәслихатының депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Абай ауданында инфрақұрылым жүйелерінің мәселесі 2023 жылдың соңында толық шешіледі. Өткен жылы 9 елді мекенге ауыз су, 2 елді мекенге электр қуаты және 8-іне табиғи газ тартылып, пайдалануға берілді. Самал-1 шағынауданында кәріз жүйесі іске қосылды.
Биыл Құрсайға ауыз су, Нұршуақ, Батыс шағын ауданы мен Жаңаталап тұрғын алабы сапалы электр, Ынтымақ-2, Құрсай ш/а мен Тәуелсіздікке 20 жыл т/а табиғи газбен қамтылады.
Ауданда 2021 жылы 37,7 шақырымды құрайтын 52 көше асфальттанған. Биыл 56,5 шақырым болған 39 көшеге асфальт төселеді.
Сонымен бірге, 2022 жылы 29 көше жарықтандырылып, оның 20-сы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асады.
Кездесуде әр тұрғынның сұрағына жеке жауап берген қала әкімі, көтерілген мәселелер ескерусіз қалмайтынын, оның орындалуын өзі жіті бақылауға алатынын жеткізді.