«NUR OTAN» партиясы жанындағы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Республикалық кеңес Шымкентке келді.
Шымкентке «NUR OTAN» партиясы жанындағы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Республикалық кеңестің жұмыс тобы келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Өңір әкімдері балалар мен отбасыларды қорғау бойынша тәжірибелік шараларды қарастыратын Жол картасына қол қойған болатын. Бүгінде Жол картасы жүзеге асырыла бастады.
Аталған басқосуға қала әкімнің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары Ербол Садыр, «NUR OTAN» партиясы жанындағы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Республикалық кеңесінің төрағасының орынбасары Динара Болатқызы, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетовтың қатысуымен өткізілді.
"Отырыста өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылады. Жартысы осында шешілсе, қалған бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында "NUR OTAN" партиясында, ҚР Парламентінде шешілетін болады. Осында айтылған ұсыныстарды барлығы ескерілетін болады", - деді Бахадыр Мәделіұлы.
Жиында денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ішкі істер басқармаларының жауапты басшыларының атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Онда балалардың жағдайы туралы анықтамалар, статистикалық мәліметтер және балалар мен отбасылардың қолдау бойынша іске асырылатын жобалар тыңдалды.
Жол картасының «Бақытты отбасы» партиялық жобасы қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмектесу және балалық шақтың қорғалуын қамтамасыз ету құралдарын талықылады. Кеңестің жұмыс тобы келген үкіметтік емес ұйымдардың талап-тілектері тыңдап, айтқан уәждерін ескерді.