​ШЫМКЕНТ: ОҚУШЫЛАР ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕРДЕ ДЕМАЛУДА

0
201


​ШЫМКЕНТ: ОҚУШЫЛАР ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕРДЕ ДЕМАЛУДА

Шымкент қаласындағы жалпы орта білім беру ұйымдарының 232 мыңнан астам оқушысын жазғы демалыспен қамту жоспарланған.

Оның ішінде 9 494-і жергілікті бюджеттен, 9 440-ы демеушілер есебінен және кәсіподақ тарапынан 90 бала қала сыртындағы лагерьлерде және 213 400 шәкірт мектеп жанындағы алаңдарда демалады.

Мектеп алаңдарында 213 мыңға жуық бала демалыспен қамтылды. Балалар қала сыртындағы 7 лагерде атап айтқанда, Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Бәйшешек», «Көктөбе», «Тау шыңы» және «Арыс», «Машат - Арасан», «Гаваи» және «Тур база» лагерлерінде де ауысыммен демалуда.
Бұл бағыттағы жұмыстар 20 маусымнан бастап Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Көлкент елдімекенінде орналасқан Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мемлекеттік «Ақсу» лагерінде ұйымдастырылуда. Балалар үйінің 114 тәрбиеленушісі қала сыртындағы «Үшбұлақ» лагерінде демалысын жалғастыруда. Бұл шаралар оқу жылының басталуына дейін ұйымдастырылады.
Бөлісу