ШЫМКЕНТ: оқушылардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған кездесу өтті

0
49

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңды жолмен өмір сүрудің артықшылықтарын насихаттау және жасөспірімдер арасында түрлі теріс әрекеттердің алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.


ШЫМКЕНТ: оқушылардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған кездесу өтті

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Берген Ержаппар Шымкент қаласының прокуратурасы және Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, А.С. Пушкин атындағы №1 жалпы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау және қоғамдағы тәртіпті сақтаудың маңызына ерекше назар аударылды. Оқушыларға қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтың салдары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері жөнінде жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен бірге, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңды жолмен өмір сүрудің артықшылықтарын насихаттау және жасөспірімдер арасында түрлі теріс әрекеттердің алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Шара соңында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты әрі толыққанды жауап алды.
Бұл бастама – өскелең ұрпақтың құқықтық санасын дамытуға, әділдікке, адалдыққа және заңға бағынуға тәрбиелеуге бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
Бөлісу