Шымкентте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өтіп жатқан Репродуктивті денсаулық апталығы жалғасуда.
Бүгін Ашық есік күні Шымкент қалалық перинаталдық орталықта отбасын жоспарлау тақырыбында өтті. Таңғы сағат 9.00-ден басталып, 16.00-ге дейін өткен іс-шараға келушілердің қарасы аз болған жоқ.
Еске сала кетейік, Шымкентте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Репродуктивті денсаулық апталығы өтуде. Апталық аясында бүгін «Арбат» демалыс аймағында «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз!» атты іс-шара өтті. Онда Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты 5 Жастар денсаулық орталығының уролог, гинеколог, психолог дәрігерлері жастарға медициналық кеңес берді. Сондай-ақ ЖИТС-тің алдын алу мен оған күрес орталық қызметкерлері жедел тест сынамасын алып, АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Апталыққа Шымкент қалалық №6 емхананың Жастар денсаулық орталығының дәрігерлері атсалысты.