Бұл екі жақты достық қарым-қатынасты нығайтып, алдағы уақытта туризмді дамытуға септігін тигізеді.
23 қазанда Шымкент және Бұхара (Өзбекстан) қалалары арасында туризм саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл екі жақты достық қарым-қатынасты нығайтып, алдағы уақытта туризмді дамытуға септігін тигізеді. Пандемиядан кейінортақ туристік өнімдер әзірлеп, оларды ішкі және халықаралық туристік нарыққа шығару, жарнамалық-маркетингтік кампаниялар жүргізу,екі өңірдің туристік индустриясын дамытуда тәжірибе алмасу жоспарланған.
Меморандумды жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов пен Бұхара қаласы әкімінің орынбасары Камал Давронов онлайн жүздесіп, арнайыіс-шаралар жоспарын бекітті.