ШЫМКЕНТ: Полицейлер балалар үйін өз қамқорлығына алады

0
3 187

Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов 3-ші сәуір күні 4-ші балалар үйіне арнайы барып, тәрбиеленушілердің тыныс тіршілігімен танысты. Балалар үйінің директоры Н.Тастыбаевамен кездесіп, полицейлердің балаларды қамқорлығына алатындығын жеткізді.


ШЫМКЕНТ: Полицейлер балалар үйін өз қамқорлығына алады

Шымкенттік полицейлер балалар үйінің тәрбиеленушілерін өз қамқорлығына алды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов 3-ші сәуір күні 4-ші балалар үйіне арнайы барып, тәрбиеленушілердің тыныс тіршілігімен танысты. Балалар үйінің директоры Н.Тастыбаевамен кездесіп, полицейлердің балаларды қамқорлығына алатындығын жеткізді. 1957 жылы іргетасы қаланған балалар үйінде бүгінде 92 тәрбиеленуші бар. Ата-ана мейіріміне сусаған 92 бала, 92 тағдырға шымкенттік тәртіп сақшылары мереке күндері ғана емес, жылдың төрт мезгілінде жылылық сыйлап, қамқорлық танытуға бірауыздан келіскен.

"Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.Жумаханбетов аппараттық жиналыста №4 балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлыққа алу туралы ұсынысты тастаған еді. Полиция қызметкерлерінің жеке құрамы оны бірауыздан қолдаған болатын"-деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу