ШЫМКЕНТ: Премьер-Министр өндіріс орнының ашылуына қатысты

0
1 068

Жіп иіру фабрикасы жұмысын қайта бастады


ШЫМКЕНТ: Премьер-Министр өндіріс орнының ашылуына қатысты

Бүгін Шымкент қаласындағы жұмысы тоқтап тұрған жіп иіру фабрикасы қайта іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жұмыстар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы аясында жүзеге асқан, ал өзбекстандық инвесторлар фабрикаға бірқатар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, оның қайта іске қосылуын қамтамасыз еткен.

Аталған өндіріс ошағының ашылуына ҚР Премьер-Министрі А.Мамин, Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов пен Өзбекстан елінің «Alliance Textile» ЖӨКҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы И.Эгамбердиев қатысты.

Іске қосылған жіп иіру фабрикасында 120 жұмыс орнын ашып, жылына 6000 тонна мақта талшығын өңдеуді көздеп отыр. Көршілес Өзбекстан Республикасының инвесторлары тарапынан құйылатын инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 4,6 млрд. теңгені құрайды.

Атап өтсек, фабриканы іске қосу Шымкентте тоқыма кластерін қалпына келтіру бойынша Жол картасының бірінші кезеңі болып табылады. Яғни, биыл Оңтүстікте өндірілетін мақтаның 20 пайызын қамтыса, келер жылы 50 пайызға жеткізу жоспарлануда. Жалпы тоқыма кластерін қалпына келтіру бойынша жасалған Жол картасының негізгі мақсаты өңірде өндірілетін мақтаның 100 пайызын қамту. Оңтүстікте өндірілетін мақтаның барлығын толығымен Шымкент қаласында өңдеу, ол – үшінші мегаполистің экономикасын дамыту жолында жасалып жатқан ауқымды жұмыстардың бірі болып есептеледі.