Шымкент – саламатты өмір салтына бет түзеген шаһар. Қалада спорттық инфрақұрылыммен қамту, жоғары спорт жетістіктері, бұқаралық спортты дамытуда жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, 4 бағытта жұмыс жоспарлары белгіленген. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтардың санын жалпы халықтың 50 %-ына дейін жеткізу – басты жоспарда.
Соңғы жылдардың бедерінде қалада Үстел теннисі спорт кешені және Жаңа ипподром (демеуші есебінен), «Металлург» стадионы мен №20 спорт мектебінің спорт кешені (бюджет есебінен) пайдалануға берілді. Қазақстан футбол федерациясы тарапынан «Цементник» стадионының жасанды төсеніші (газон) ауыстырылды.
Өткен жылы жазғы Азия ойындарында қала спортшылары жоғары көсреткіштерге қол жеткізді. 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына Шымкент қаласынан 10-нан астам спортшы лицензияға ие болып отыр.