Концерт барысында эстрадалық әндер шырқалып, театрландырылған көріністер қойылды.
Шымкент қаласында дәстүрлі «Шымқала кештері» концерттік бағдарламасы аясында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени кештер ұйымдастырылды.
27-28 маусым күндері өткен іс-шаралар Этноауыл алаңы, City Park саябағы, Арбат демалыс аймағы және Жапон саябағында өтті.
Бағдарламаның алғашқы күні Этноауыл алаңы мен City Park саябағында «Шымкент концерт» ұйымының өнерпаздары мен Жастар театрының әртістері сахнаға шығып, көпшілікке ән мен театр өнерінен әсерлі қойылымдар ұсынды.
Ал 28 маусым күні Арбат демалыс аймағы мен Жапон саябағында «Шымкент концерт» ұйымының шығармашылық ұжымы және Шымкент циркінің әртістері өнер көрсетіп, көрермендерді қызықты бағдарламамен қуантты.
Концерт барысында эстрадалық әндер шырқалып, театрландырылған көріністер қойылды. Сонымен қатар, балалар мен ересектерге арналған цирктік қойылымдар ұсынылып, жиналған жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленді.
Ашық аспан астында өткен мәдени бағдарламалар тұрғындардың демалысын мазмұнды өткізуіне мүмкіндік беріп, мерекелік көңіл-күйге бөледі.


