ШЫМКЕНТ: шаһар басшысы аудандарды аралады

0
514

Мәселенің мән-жайын білген соң уәкілетті органдарға тұрғындардың өтініштерін шешу бойынша ұсыныстар әзірлеп, күн тәртібіне енгізуді тапсырды.


 ШЫМКЕНТ: шаһар басшысы аудандарды аралады

ERNUR.KZ. Шымкентте қала әкімі шаһарды кезекті аралау барысында Қаратау ауданындағы «Тассай» елдімекеніндегі ескі жатақханада болып, жағдайымен танысты.

Мәселенің мән-жайын білген соң уәкілетті органдарға тұрғындардың өтініштерін шешу бойынша ұсыныстар әзірлеп, күн тәртібіне енгізуді тапсырды.

Қала әкімі одан әрі Тұран ауданында да болды. Ондағы жаңа серуендеу жолын құру тұжырымдамасы шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар мен 110/35/10 кВ «Ақжар» қосалқы станциясының құрылысымен танысты. Құрылыс жайын бақылап, орындалып жатқан жұмыстардың ауқымын бағамдаған ол, мердігер ұйым басшыларына бірқатар міндеттер қойып, жұмыстарды сапалы, мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Ал, Әл-Фараби, Рысқұлов көшелерінің санитарлық күтіміне, сондай - ақ автобустардың тазалығына және электронды билет жүйесіне тексеру жүргізген қала әкімі, Жиделібайсын көшесіндегі жолдың жөндеу жұмыстарының барысын да тексерді.
Оылайша, бірқатар аудандарды жаяу аралаған әкім аудан әкімдері мен жауапты мамандарға көшелерді тазалауды ерекше бақылауға алып, аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырып, жұмыстың оңтайлы жүргізілуін қадағалауды ескертті.