​ШЫМКЕНТ: ШАЛҒАЙ ЕЛДІМЕКЕНДЕРГЕ КЕҢ ЖОЛАҚТЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛДЫ

0
616


​ШЫМКЕНТ: ШАЛҒАЙ ЕЛДІМЕКЕНДЕРГЕ КЕҢ ЖОЛАҚТЫ ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛДЫ

Бүгінде Шымкент қалалық Цифрлық басқармасы тарапынан шалғай орналасқан тұрғын алаптар мен шағынаудандарды оптикалық желі арқылы интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде.

Қазір 31 елдімекен талшықты оптика желісімен толық қамтылып, 210000 тұрғын интернетке қол жеткізді.

Қазіргі таңда «СпецАвтоматикаСервис» компаниясы тарапынан Жұлдыз, Жалын елді мекендеріне кең жолақты интернет желісі тартылып, 500 тұрғын үй қамтылды.
Ендігі кезекте компания тарапынан Игілік, Жаңаталап елдімекендеріне жыл соңына дейін талшықты оптика желісін тарту жоспарлануда.
Бөлісу