ШЫМКЕНТ: «Shanyraq» орталығында көпбалалы аналардың мәселелері қаралды

0
605

Кездесу барысында аналар АӘК жайында сұрақтарын қойып, аталған көмек туралы толық ақпарат алды.


ШЫМКЕНТ: «Shanyraq» орталығында көпбалалы аналардың мәселелері қаралды

Шымкент қаласы «Shanyraq» отбасы институтын қолдау орталығында Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев көпбалалы аналармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Онда сауалдардың басым көпшілігі атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй мәселелеріне қатысты қойылды.

Марат Әбдімәжитұлы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар тоқсан сайын толық тексеруден өтетінін, арнайы құрылған комиссия хабарласқанда ұялы телефонын көтермеген, көрсетілген мекенжайда табылмаған азаматшаларға көмектің берілмейтінін түсіндірді. АӘК тізіміне іліне алмай қалған аналардың келесі айда көмек алу өтінішін жаңадан тапсыруға мүмкіндіктері бар екенін жеткізді.
Кездесу барысында аналар АӘК жайында сұрақтарын қойып, аталған көмек туралы толық ақпарат алды.