ШЫМКЕНТ: Шомылу маусымына орай түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
623

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


ШЫМКЕНТ: Шомылу маусымына орай түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Абай ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері Азаматтық қорғаныс басқармасы мен Жедел құтқару жасағы өкілдерімен бірлесе қаладағы Самал-3 шағынауданында орналасқан демалыс орындарының бірінде шомылу маусымына орай түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кездесу барысында құтқарушылар суға батқан адамға көрсетілетін алғашқы көмек барысын көрсетті.

Сондай-ақ, тұрғындарға судағы қауіпсіздік шаралары қосымша ескертіліп, арнайы жадынамалар таратылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жазғы сауықтыру лагерлерінде де жалғасуда. Төтеншеліктер балаларға шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндіруде.

Жазғы шомылу маусымының басталуына орай, қала аумағында Тоғыс және Бадам су қоймаларындағы «Холодильник» және «Рахат Бадам» демалыс орындарында, Қошқар ата өзенінің бастауында және қаладағы жеке аквасаябақтарда шомылуға рұқсат етілген.

Сонымен бірге, шомылуға тыйым салынған 13 су айдындары ресми түрде айқындалған. Олар «Текесу», «Ақжар» су қоймалары; «Бадам», «Сайрам», «Қарасу» өзендерінің барлық арнасы; «Шымкент магистральды каналы; «Янги-шек», «Азат», «Көкбұлақ», «Хауау», «Сасық» каналдары, «Қайнарбұлақ» жасанды көлі; «Қошқар ата» өзенінің (өзеннің бастауынан басқа) барлық арнасы.

Су айдынында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар:

- Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз;

- Суға мас күйінде түспеңіз;

- Балаларды судың маңайында қараусыз қалдырмаңыздар;

- Жүзу үшін тақтайша, камера, пенопласт, үрмелі матрастарды қолданбаңыз;

- Жүзу білмесеңіз, суға беліңізден жоғары түспеңіз;

- Түнде суға шомылмаңыздар;

- Жағалаудан алыс жүзіп кетпеңіз.

Айта кетейік, шомылуға рұқсат етілмеген орындарда және қала ішіндегі субұрқақтарға суға түсу адам өміріне қауіпті екенін ескертеміз!