ШЫМКЕНТ: Шымсити шағынауданында Түркия көшесінің тақтайшасы орнатылды

0
508

Түркия Республикасының 100 жылдығына орай көше атауы берілді


ШЫМКЕНТ: Шымсити шағынауданында Түркия көшесінің тақтайшасы орнатылды

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен Шымсити шағынауданында Түркия көшесі атауы берілген тақтайша орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Салтанатты жиын басында қала әкімі іс-шараның маңыздылығына тоқталды.
Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастар алғашқы күннен достық пен бірлікке бастаған тұрақты байланыстарымыздың берік негізін қалаған. Түркия Республикасының 100 жылдығына орай, қала көшелерінің біріне «Түркия» атауын беріп отырмыз. Бұл көше қаламыздағы ең жаңа әрі үлкен шағынауданда орналасқан. Осындай іс-шаралар Қазақстан мен Түркиядай бауырлас елдердің достығын нығайтуға, бір-біріне деген құрметін арттыруға септігін тигізетініне сеніміміз мол, – деді қала басшысы.
Түркия көшесінің ашылуына Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Эврен Мюдеррисоглу, шымкенттік зиялы қауым өкілдері, түрік диаспорасы мен ақын, Физули атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Құрал Көмек және көше тұрғындары қатысты.