ШЫМКЕНТ-СИАНЬ: екі қаланың бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен ауқымды форум өткізу жоспарлануда

0
179

Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков те қаланың әлеуметтік-экономикалық және инвестициялық ахуалы туралы баяндады.


ШЫМКЕНТ-СИАНЬ: екі қаланың бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен ауқымды форум өткізу жоспарлануда

«Шымкент-Сиань қалалары кәсіпкерлерінің сауда-экономикалық форумы» аясында қытайлық жергілікті 30-дан астам және қазақстандық 20-дан астам кәсіпкерлер арасында денсаулық сақтау, IT, металлургия, қоғамдық тамақтану, білім, ауыл шаруашылығы, электр жабдықтарының және құрылыс материалдарының өндірісі сияқты салаларда В2В кездесулер өткізілген.

Кездесу нәтижесінде 2024 жылдың күз мезгілінде Шымкент қаласында екі қаланың бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен ауқымды форум өткізу жоспарланып отыр.

Бұл туралы Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы «2024 жылғы 24-26 маусым аралығында Шымкент қаласы делегациясының Қытай Халық Республикасының Сиань және Үрімші қалаларына сапары туралы» баспасөз конференциясында айтты.

Сондай-ақ, Қытай-Еуропа жүк пойызының, Сиань әуежайы мен шымкенттік «SCAT» әуе компаниясы мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып логистикалық хабтарды салу, әуе бағыттарын біріктіру, алмасуды және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты тереңдету арқылы құрлықтық, әуе және цифрлық Жібек жолын құру мәселелері талқыланған.
2024 жылдың 26 маусымында Үрімші қаласында «Тату көршілік пен достық, өзара тиімді ынтымақтастық» тақырыбында өткен «Қазақстан – Қытай үшінші өңіраралық ынтымақтастық форумына» қатысты.
Аталған форумға қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғарин бастаған делегация болды.
Іс-шараның бірінші бөлігінде екі елдің ресми өкілдері екіжақты ынтымақтастық бойынша сөз сөйледі.
Қала әкімі Ғ.Сыздықбеков те қаланың әлеуметтік-экономикалық және инвестициялық ахуалы туралы баяндады.
Форумның екінші бөлігінде екі елдің кәсіпкерлері арасында кездесулер өтті, маңызды құжаттарға қол қойылды.
Сонымен қатар, форумның барлық қатысушылары «Қытай-Еуразия» халықаралық ЭКСПО көрмесін тамашалады. Көрмеде қытайлық нарыққа шығару мақсатында еліміздің әр өңірінен 40-тан астам компания өкілдері өз өнімдерін ұсынды.
Бөлісу